Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың Қаулысында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеу қамтамасыз етілсін», - делінген Бас санитардың 2020 жылғы 26 наурыздағы №27 қаулысында.
Одан бөлек, Қаулыда:
- 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға ауыстыру;
- әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеу;
- дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде оқшаулау қажеттігі туралы айтылған.