Атырау облысының алты мыңнан астам тұрғыны Боранқұл ауылына эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар жатын орынмен, ас-сумен қамтамасыз етілді. Алайда, жергілікті ресурстардың шектеуіне байланысты, бұдан әрі адамдарды орналастыруға мүмкінкіндік жоқ. Сондықтан Атырау облысының тұрғындарына Ақтау мен аудандарда орналасқан эвакуациялық пункттерге баруына кеңес беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Боранқұл ауылы Атырау облысына жақын болғандықтан, эвакуацияланғандар осында қалғысы келеді. Алайда, ауылдағы барлық орынға адамдарды орналастырдық. Басқа азаматтар Ақтау, Жаңаөзен, Бейнеу, Түпқараған, Қарақия, Маңғыстау және Мұнайлы аудандарында орналасқан эвакуациялық пункттерге жүгінуіне болады. Осы пункттердің әрқайсысында жатын орындар мен тамақ жеткілікті. Түсіністік танытып, дүрбелеңге берілмеуді сұраймыз", - деді Боранқұл ауылының әкімі Ғалымжан Баймағанбетов.
Эвакуациялық пункттер өңірдің барлық ауданы мен қалаларында орналасқан. Олардың нақты мекен-жайы мен орналасқан жерін тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталықтардан біле аласыз.
Ақтау қаласы әкімдігінің call-орталығының байланыс нөмірі: +7 (7292) 33-65-04, + 7 776 502-39-99
Жаңаөзен бойынша call-орталықтың байланыс нөмірі: +7 (701) 226-02-11 (Медеу).
Мұнайлы ауданы бойынша call-орталық: +7 (778) 126-82-84 (Иса), +7 (778) 985-14-25 (Айдынбек).
Қарақия ауданы бойынша call-орталық: +7 (775) 132-79-97 (Асылбек), +7 (701) 653-07-98 (Тұрсынбек).
Түпқараған ауданы бойынша call-орталық: +7 (702) 682-81-37 (Советхан).
Маңғыстау ауданы бойынша call-орталықтың байланыс нөмірі: +7 (72931) 50-4-78, +7 (701) 666-45-68 (Айдос), +7 (778) 221-81-06 (Аманбек).
Бейнеу ауданы бойынша call-орталықтың байланыс нөмірі: +7 (7292) 2-20-42, +7 (707) 815-01-90 (Саламат), +7 (702) 120-06-03 (Ерлан).