Түркияда коронавирустың жаңа түрін (Covid-19) жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді. Бұл туралы республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа мәлім етті, - деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
«Бүгін кешке коронавирус жұқтырды деген күдік бойынша еліміздің азаматына тест жасалды. Тест оң нәтиже көрсетті», - деп хабарлады министр.
Министрдің айтуынша, вирус жұқтырған ер адам жақында ғана Еуропадан саяхаттан оралған. Коджа қазіргі уақытта пациент карантинге жатқызылғанын атап өтті. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланған.
Бұдан бөлек, науқастың отбасы мүшелері, сондай-ақ онымен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.
Дереккөз ҚазАқпарат