Облыстық балалар ауруханасында жарақат алған бала өте ауыр жағдайда жеткізілген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оқыс оқиға Ақтау қаласының аулаларының бірінде болған. Ер балалар футбол алаңында доп ойнап жүргенде металл қақпа 16 жасар жасөспірімнің басына түскен.
"Баланың жағдайы өте ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Оған тұрақты түрде желдеткіш қосылған", - деп хабарлады медициналық мекеменің қоғаммен байланыс қызметі.