Маңғыстау облысында 2023 жылы 9 адам көкжөтел ауруына шалдыққан, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның 6-ы Ақтау қаласында, ал 3-і Жаңаөзенде тіркелген. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев мәлімдеді.
Спикердің сөзінше көкжөтелге қарсы ҚР ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес аурудың алдын алу үшін 2, 3 және 4 айлығынан бастап балаларға жоспарлы профилактикалық екпелермен қамту басталады. Одан әрі қарай балаға 1 жас 6 ай және 6 жасқа толған кезде ревакцинация, яғни қайталап егу жүргізіледі.
Бүгінде облысымызда егумен қамту жыл басынан бері 39,5 % болып отыр. Оның ішінде, 7895 бала 2 айында, 7662 бала 3 айында, 7615 бала 4 айында, сонымен қатар, 7415 бала 1 жас 6 айында, 8164 бүлдіршін 6 жаста екпемен қамтылды. Биыл аталған ауруға шалдыққандар қатары көбейіп жатқандықтан облыс тұрғындарына көкжөтел ауруының алдын-алу бойынша емханаларда, сонымен қатар, әлеуметтік желілерде де түсіндірме жұмыстары мен санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барынша көкжөтел ауруын болдырмауға, сақтануға халықты шақырып жатырмыз, - деді Бердібек Саралтаев.
Сондай-ақ, брифингте Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Ренат Досаев көкжөтел ауруының белгілері мен алдын алу жолдарын айтып өтті.
Көкжөтел балалар арасында тез таралатын ауру түрі. Аурудың жасырын кезеңі 2-15 күнге дейін созылады. Алғашқы кезде балада түшкірік, мұрыннан су ағуы, жеңіл құрғақ жөтел пайда болады. Дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті болмайды. Бірте-бірте жөтелі күшейіп, жиі жөтелген кезде бала булығып қысылады. Қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Сондықтан, бала күнделікті дəруменд