20 маусымда түскі уақытқа дейін жылжымайтын мүлік және жер кадастры желісі бойынша мемлекеттік қызметтердің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жер және жылжымайтын мүлік жөніндегі мемлекеттік базасының деректері Жылжымайтын мүліктің біріңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты уақытша қызмет көрсетілмейді.
"Қазіргі таңда қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету тоқтатылады.
Еске сала кетейік, іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше күн ішінде ЖМБ МК мен сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі байқалуы мүмкін екенін хабарлаймыз", - делінген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарламасында.