Ақтауда өңірімізге танымал күйші Әлия Қарамұқанның “Ақжелең күй – ару саз” атты шығармашылық кеші өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Маңғыстауда туып-өскен адамның күй тыңдамағаны жоқ, ал тыңдаған жанды күйдің ойландырмауы мүмкін емес. Өйткені осы сағымы жөңкіген сахараның қай қиырына бара қалсаң да алдыннан боздап бағзы үн қарсы алады. Бала кезден құлаққа қанық құдіретті әуез жадымызда жатталып қалған, ол ұмытылмақ емес. Сол көкірек көзді қариялардың тұрғызған асқаралы күй мұнарасьн аласартпай, күмбіріне селкеу түсірмей, көз қарашығындай сақтап, бір мысқал да қиянат жасамай, көкірек көрігінде құндақтап, заман оздырып, осындай ұлы мұраны бізге дейін жеткізген «Алтын көпір» буын бар. Бұл туралы және басқа да тақырыптарды қозғап, Маңғыстау күйшілік мектебін алдарыңызға ұсынбақпыз», - дейді өнер иесі.
Кеш 11 маусым күні кешкі сағат 19:00-де Мұрат Өскінбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық филармония залында өтеді.