Ақтаулық кітапханашылар арасында 20-қазан күні «Ұшқыр ой» интеллектуалды ойыны өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Интеллектуалды ойынға 20 кітапхана қызметкері қатысты. Олар үш топқа бөлініп бақ сынады. Ойын соңында жеңімпаздарға диплом мен гүл шоғы табысталды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға «Жұлдыздар», ал ІІ орынға «Ойшылдар» ие болды. ІІІ орынды «Мықтылар» тобы иеленді.
-ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 қазан №833 қаулысымен «24 қазан- Кітапханашылар күні» болып бекітілді. Бұл шара осы мерекеге орай «Абай» мәдени-демалыс кешенінің ұйымдастыруымен өткізілді. Интеллектуалды ойынның негізгі мақсаты - кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, деді Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантай Кумбаев.