Барлығы 78 қатысушының 50-і өз жобаларын қорғады, оның 20-сы Ақтау қаласының тұрғыны, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жобаның негізгі мақсаты – жастарды цифрлық салада ең заманауи мамандықтарға оқыту арқылы қолдау көрсету, сонымен қатар белгілі IT-компанияларда тағылымдамадан өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға көмектесу.
Бұл туралы ITeachMe қорының директоры Захира Бегалиева айтты.
- Біз екінші лекті марапаттап жатырмыз, Атырау, Ақтау және Батыс Қазақстан облысы қатысуда. Барлығы әлеуметтік осал топтардағы балалар, жұмыссыздар, колледж студенттері қосымша табыс табуы үшін жасалып отыр. Олар үш ай тегін оқып, қосымша екі мамандыққа ие болды», – дейді Захира Бегалиева.
Айта кету керек, марапаттау рәсімі барысында Ақтаулық бес қатысушы коммерциялық тапсырыспен марапатталды. Әрқайсысы серіктестіктермен шарт жасасып, 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы алды. Болашақта олар ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қол жеткізе алады.