Былтырғы жылдың қорытынды рейтингіне сәйкес Ақтау қаласы 69 пайыз нәтижесімен үздік 7 қаланың қатарына кірген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылан Хадимнің сөзінше, аталған рейтинг облыстың даму жоспарының көрсеткіші.
Онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, экология, жер қатынастары салалары есепке алынады.
- 2023 жылы тұрғындардың жол және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 1138 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Атап айтсақ, Ақтау қаласында жол қауіпсіздігі бойынша 100 нүктеге, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 50 нүктеге 100 бейнебақылау камерасы, Мұнайлы ауданында жол қауіпсіздігі бойынша 40 нүктеге, қоғамдық қауіпсіздік бойынша 100 нүктеге 300 бейнебақылау камерасы орнатылды, - деді Асылан Хадим.
«109-Бірыңғай коммуналдық диспетчерлік орталық» бойынша тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қою мақсатында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тәулік бойы 109 - БКДО бірыңғай call-орталығы облыс бойынша жұмыс істейді. Осы жобаның негізгі әсері коммуналдық кәсіпорындардан ақпарат пен қызметтер алу кезінде халық үшін ыңғайлылықты арттыру, халықтың өтініштерін өңдеу уақытын қысқарту. 2024 жылдың басынан бастап call-орталығына 20 508 қоңырау және 2662 өтініш түсті.
Маңғыстау облысының Геоақпараттық порталы бойынша
Осы жобаның арқасында облыстың үш қаласында жер учаскелерін берудің барлық процесі – таңдаудан бастап өтініш пен тіркеуге дейін-электрондық форматқа ауыстырылды. Сонымен қатар, атқарылатын жұмыстар саны бірнеше есеге, ал мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бір жылдан 30 күнге дейін қысқарды.
iQala жобасы бойынша
2024 жылы аталған платформа базасында облыстың табиғи монополиялар субъектілерімен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу үшін жылжымайтын мүліктің жаңа меншік иесі арасында шарт жасасудың бизнес-процестерін автоматтандыру мақсатында пилоттық жұмыстар жүргізілуде. Яғни, жыл соңына дейін тұрғындар пәтер сатып алған жағдайда бір өтініш арқылы барлық коммуналдық мекемелермен онлайн түрде шарт жасау мүмкіндігіне ие болады.
«Әлеуметтік әмиян» пилоттық жобасын іске асыру бойынша
Бүгінгі таңда «Әлеуметтік әмиян» «eGov mobile» электрондық үкіметінің мобильдік қосымшасы ішінде жеке сервис ретінде іске асырылды және Астана, Шымкент, Ақкөл қалаларында, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында масштабталды.
2024 жылы Оқу ағарту Министрлігімен бірлесіп «жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» пилоттық жобасы бойынша 93 мемлекеттік мектеп қосылды, 27 223 түскі ас берілді.
Ақтау қаласында Mangystau-Hub ашылуы бойынша
Маңғыстау облысының жастарына IT және Digital технологиялар саласына бейімдеуге арналған Mangystau IT-хаб орталығын жеке инвестор «Sergel Projects» көмегімен 2024 жылдың наурыз айында «Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы» базасында іске қосылды. Жастар бұл IT-хаб орталығында No Code School, LowCode Course, Startup Academy бағыттары бойынша мамандықтарды игереді. Хабтың инфрақұрылымына компьютерлік аймақ, іс-шаралар өткізуге арналған көпфункционалды зал, робототехника сабақтарына арналған мамандандырылған зал, демалыс аймағы, коворкинг-кеңістік және кездесулер мен семинарлар өткізуге арналған екі конференц-зал кіреді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 1000-нан астам тыңдаушының қатысуымен 30-дан астам іс-шара өткізілді.
«Алаш Арман» және «Mangystau Hub» қоғамдық қоры 2024 жылғы 24-25 маусымда Маңғыстау облыстық «Mangystau Tech YOUTH HAKATON»өңірінің жастары мен жасөспірімдеріне арналған инновациялық шешімдер хакатонынан өткізілді, оған 14 команда құрған 50 қатысушы қатысты. «It Aiel» бағдарламасы әйелдерге қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізу мақсатында цифрлық дағдылар мен штаттан тыс жұмыс істеу бойынша тегін онлайн-оқытуды ұсынуға бағытталған. Маңғыстау облысынан Mangystau Hub ақпараттық қолдауымен осы бағдарлама бойынша оқуға 100-ден астам өтінім берілді.
Technowomen Aktau аймақтық семинары: AI арқылы қалай ақша табуға болады?» бұған 150-ден астам көрермен жинады және жасанды интеллектті бизнесте және күнделікті өмірде қолданудың маңызды аспектілері қозғалды.
«She Commerce» бағдарламасы – 18-30 жас аралығындағы әйелдерге арналған wildberries, Kaspi және Ozon маркетплейстерінде жұмыс істеу үшін электрондық коммерция негіздерін оқыту. Бұл бастама USAID және IT Park Uzbekistan қолдауымен жүзеге асырылды. Бағдарлама 13 мамырдан 10 маусымға дейін созылды және 2 ағынды қамтыды. Бағдарламаға 29 қатысушы өтініш берді, оның 19-ы Mangystau Hub базасында оқуды сәтті аяқтады.
Маңғыстау облысының елді мекендерін интернетпен қамтамасыз ету бойынша
Облыс тұрғындарын интернетпен «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ және олардың серіктес операторлар жүзеге асырады. Сонымен қатар, ұялы байланыс қызметтерін «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС қамтамасыз етеді. Осылайша облыс бойынша 59 ауылдық елді мекенінің 55-і интернетке кең жолақты қолжетімділікпен әр түрлі технологиялармен қамтамасыз етілген. 2023 жылы байланыс операторлары 66 базалық станцияларын жаңғыртып және 130 жаңа базалық станцияларын құрылысын жүзеге асырды.
2024 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін байланыс операторлары жаңғырту жұмыстарын жалғастыратын болады және қосымша 126 жаңа базалық станцияларды салуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Мемлекет басшысының еліміздің барлық облыс орталықтарын бесінші буын 5G ұялы байланысымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2023 жылы Маңғыстау облыста «Кселл» АҚ байланыс операторы 5G 16 базалық станцияларын, 2024 жылдың 1-ші жарты жылдығында – 10 дана және жыл соңына дейін тағы 15 базалық станциясын іске қосу жоспарлануда.
Екінші бағыт - ауылда Интернетті дамытуға арналған субсидиялау мәселесі
Қазіргі таңда уәкілетті органның келісумен Маңғыстау облысында 8 ауылдық елді мекендердің үй шаруашылықтарына интернеттің «соңғы милін»субсидиялауды жүзеге асыру жоспарлануда. Шалғайдағы және оптикамен қамтамасыз етілмеген ауылдық елді мекендерде орналасқан орта білім беру ұйымдарын интернетпен қамтамасыз ету аясында Білім басқармасы Бекі, Бостан және Аққұдық ауылдарындағы 3 мектебін Starlink спутнигіне қосу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі күні қажет жабықтар облысқа жеткізіліп, аталған мектептерде орнатылды.
Тағы бір бағыт - автожолдарды сапалы ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету
Мемлекет басшысы 2027 жылға дейін республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды сапалы ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша тапсырма берген. Осылайша, Ұлттық жоба аясында республикалық және негізгі облыстық автожолдар бойын ұялы байланыспен және интернетпен қамту үшін цифрлық инфрақұрылымды салу бойынша іс-шаралар бекітілді. Биыл сәуір айында Қарақия ауданында орналасқан «Интергаз Орталық Азия» мекемесінің 4 антеналық-мачтасына байланыс операторының телекоммуникациялық жабдығы орнатылып, байланыс желісі іске қосылды. Ұялы байланыс операторларының ақпараты бойынша 2025 жылдың соңына дейін осы 4 базалық станцияларды 4G-ге ауыстыру жоспарланған.