Кеше облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен барлық мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен аппараттық жиын өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аппараттық жиында Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Н.Дауымов баяндама жасады.
Баяндамада облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Б.Кошимоваға қатысты қылмыстық іс бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізілген.
Алдағы уақытта осы ұсыныс бойынша қабылданған шешім жарияланатын болады.