Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
«БҚО, ШҚО-да, Семей мен Алматыда коронавирус тіркелді» деген ақпараттар жалған. Біз Қытайдан келген барлық жолаушыларды бақылауда ұстап отырмыз. Дене қызуы көтерілгендер ауруханада жатыр. Әзірге бақылаудағы бірде-бір пациентте коронавирус расталған жоқ. Аталған хабарлардың барлығы - жалған», деді министр Елжан Біртанов.