30 қаңтар күні журналист Жасұлан Көжеков өмірден өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Журналистің туыстары мен жақын әріптестерінің айтуынша, ол 51 жасында Түркияның Анталья қаласында көз жұмған. Ол 3 жыл бұрын Қазақстаннан Түркияға көшіп кеткен. Журналистің неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған. Атырау мемлекеттік университетінде білім алған. Ол 1990-жылдары Atyrau Today тәуелсіз басылымын ашып, қоғамдық-саяси мәселелерді көтерген. Сондай-ақ 2009-2011 жылдары "Азаттықтың" тілшісі қызметін атқарды. 2010 жылы Соғыс және бейбітшілік институтының адам құқығы саласында тағайындаған беделді сыйлықты иеленді. Соңғы жылдары публицистикамен айналысқан.
"Маңғыстау Медиа" ұжымы атынан марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз!