19-қаңтар күні 9:00-ден бастап Православ христиандарының "Крещение Господне" діни мерекесіне орай 14 ш/а "PR" ойын-сауық кешенінің артқы жағында орналасқан дамбы аймағында суға түсу рәсімі өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Онда жедел жәрдем, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай мамандары кезекшілік етті. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәлімдеуінше рұқсат етілмеген аймақта да 30-ға жуық адам суға шомылып, уақытында ол жерге де қауіпсіздікті қадағалайтын мамандар жөнелтілген.
Шоқыну рәсіміне куә болған фототілшіміз Талант Құсайынның фоторепортажын қарай отырыңыз.