Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл әкімдерін сайлаудың қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Атамекен ауылдық округінің әкімі лауазымына Мұстафаев Нұрхан Әлиханұлын тағайындалды.
Мұстафаев Нұрхан Әлиханұлы, 1982 жылдың 16 қаңтарында Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2003 жылы, Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік мемлекеттік универститетін Заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы: 2003 жылдан 2004 жылға дейін Түркістан қаласындағы «Руханият» халықаралық университетінен еңбек жолын бастаған. 2006-2009 жылдары аралығында Ақтау аумақтық учаскесінің сот орындаушысы қызметін атқарған, 2010-2012 жылдары Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2013-2016 жылдар аралығында Қызылтөбе ауылдық округі әкімі, 2016-2018 жылдары Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдың сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.