Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл әкімдерін сайлаудың қорытындысы туралы аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде Маңғыстау ауылының әкімі лауазымына Өтегенов Әлібек Бердібекұлы тағайындалды.
Өтегенов Әлібек Бердібекұлы 1984 жылы 20 сәуірде Түрікменстан Республикасы, Мары облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 2007 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін инженер-механик мамандығы бойынша, 2015 жылы КАЗГЮУ университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Ақтау қаласындағы «Касмашал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қарауыл қызметінен бастаған. 2008–2012 жылдар аралығында Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратында нұсқаушы болып қызмет атқарды. 2012 -2015 жылдары Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап 2019 жылдың қаңтар айы аралығында бөлім басшысы лауазымдарын атқарды. 2019 жылдың қаңтарынан күні бүгінге дейін Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.