Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы кезінде адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылғы 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады", - деді Уәли.
Бүгін, 27 желтоқсан Bek Air авиакомпаниясының №Z2100 рейсі (Fokker-100 ұшағы) Алматы - Нұр-сұлтан бағыты бойынша ұшу кезінде биіктіктен айырылып, опат болды. Алматы маңындағы ұшақ апаты кезінде қаза болғандардың саны 15-ке жетті. Ауруханаларға 66 адам жеткізілді.
Премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкіметтік комиссия құрылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді.