©
Бүгін «Маңғыстау медиа» қызметкерлері «Қазақстан мәслихаттарына – 25 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазақстан мәслихаттарының 25 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Аталған жиында облыс әкімі Серікбай Трұмов сөз сөйлеп, бұрын сайланған және қазіргі депуттаттарды құттықтады.
Шара аясында «Маңғыстау медиа» ЖШС директорының кеңесшісі Серік Еңсегенов, Бейнеу аудандық «Рауан» газетінің бұрынғы редакторы және Бейнеу аудандық мәслихатының өткен шақырылымдағы депутаты Айтуар Өтегенов пен еңбек ардагері, 2002 жылы облыстық «Огни Мангистау» газетінің редакторы болған Петр Долманов мерекелік төсбелгімен марапатталды.
Сонымен қатар халық қалаулыларына «Қазақстан мәслихатына – 25 жыл» төсбелгісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатын және Маңғыстау облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті түсіргендер Т.ҚҰСАЙЫН, С.МАЙЕМЕРОВ