©
Отбасы күніне орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жас отбасылардың мәртебесін көтеру арқылы ауызбіршілікті, ынтымақты қалыптастыруды мақсат еткен Форт-Шевченко қаласында 25 қоларба қатысқан шеру өтті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығын басты тақырып етіп алған қатысшылар қоларбаны қиялға ерік бере безендіру арқылы шеберліктерін ортаға салды. «Бәйтерек», «Алтын адам», «Киіз үй», «Бүгінгі күннің батырлары», «Батырлар», «Тенге» сияқты тақырыптарды ашуға тырысқан отбасылардың толық құрамда шығуы бағалауда басты талаптардың біріне енді. Бірінен- бірі өткен байқау қатысушыларының бәрі де құр қайтқан жоқ, «Қазақстанда жасалған» өзіміздің отандық өнімнен құрастырғыштар үлестірілді. Сонымен қатар, жүлделі үш орын тағайындалып 1 орын – Орынбек Төлесінов отбасы (тігін мәшинесін), 2 орын – Бақытжан Кемелбеков отбасы (шаңсорғыш), 3 орын - Мұқаш Жеңісбек отбасы(нан пісіретнін пеш) жеңіп алды. Викториналық сұрақтар ойнатылып, сыйлықтар берілді.
-Түпқараған аудандық ішкі саясаты бөлімінің тапсырысы аясында отбасы әлеуетін көтеру үшін «Отбасы–тіршіліктің тірегі» тақырыбында қоларбалар шеруін ұйымдастырып отырмыз. Жылдағы дәстүрлі байқаулардан өзгерек болсын, жас отбасылардың белсенділігін арттырайық және мәдени –көпшілік шара ретінде өтсін деген мақсатта ереже жасақтадық. Байқағанымыздай жастар белсенді қатысуда. Біз үшін отбасы мерекесін сездіру, осындай шара арқылы отбасы ынтымағын нығайту. Барша қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғысымды білдіремін,- дейді ұйымдастырушы «Қолдау» орталығының директоры Милана Елеусінова.
Гүлсім ҚАРЫМСАҚОВА Суреттерді түсірген автор