Ел тыныштығының күзеті сапында кірпік ілместен, бел бүкпестен қызмет ететін шекарашылар қызметі сақтық, қырағылық, шапшаңдық пен сауаттылықты талап ететін жауапкершілктерден тұрады. Тасада тығылған жауды жерден ғана іздеп қоймай, шекара күзетінде аспан, құрлық, теңіз дерліктей бақылау мен басты назарда болады.
Қазақстанда 18 тамыз - шекрашылар күні болып 4 жылдан бері аталып келеді. Тиісті құжат 2012 жылы ресми басылымда жарияланып, 29 тамыздан бастап күшіне енген еді. Содан бері биыл төртінші жыл атаулы шекарашы күні мен шекарашы қызметін дәріптейтін мерейлі мереке ретінде аталып жүр.
Мерекені асыға күтетін Түпқараған ауданындағы Баутино поселкесіндегі 2201 «Б» әскери бөлімі мерекеге еркеше дайындық үстінде. 18 тамыз күні Ақтау теңіз айлағында шекарашылар күніне арнайы ұйымдастырлатын теңіз шеруінде дәл осы бөлімнен «Семсер», «Атырау», «Астана», «Жеңіс» атты 4 корабль, 6 катер сап түзеп жүзіп өтетіндіктен жолға шығуға дайындалуда.
Кемелердің теңізге түсірілуне дейінгі дайындықтан бастап, жүзу барысындағы кеме дайындығы, экипаждың әр мүшесінің психологиялық,моральдық, физикалық дайындығы аясында функционалдық қызметтерін жүйелейтін 2201 «Б» шекара қызметі әскери бөлімінде бірнеше адам болса, оның бірі - Берік Бисенов.
Бөлімде корабль командирінің аға көмекшісі атағы бар Берік Бисенов өзінің мереке қарсаңындағы дайындығы мен шекарашы қызметіне келуін бізге баяндамас бұрын, кемелердің техникалық ақаулары мен ішкі, сыртқы ақауларын жөндеу, керекті құралдары мен материалдарын түгендеуден бастап дайындықтарын жүргізіп жатырғанын, командир көмекшісі ретінде штаттық кестеге сай 16 экипажбен күні ертең көк теңізде жүзіп отырып, Ақтау қаласындағы шерудің сабында болатындығын қуана жеткізді.
Көкшетаудың тумасы Берікті көк теңізге ғашық еткен әскери мектептегі ұстазына хатпен келген фотолар болатын. Ол хаттағы фотода М.В. Фрузнзе атындағы Санкт-Петербург әскери–теңіз институтының түлегі өзінің айдыны тулаған көк теңіздегі еңбек жолдарынан сәтті кадрлардан көрініс жолдаған. 362 күннің 200 күні теңізде өтетін теңіз шекара сабында қызмет ету дәл осы бір фотосуреттегі әдемі көрініске түскен кадрдан Беріктің қызығушылығы оянғаны оның өмірлік мамандығы мен ел тынштығы күзетіне келуіне себеп болған екен. «Жасұлан» әскери мектебін 7 жыл оқыған Берік фотодан алған әсерінен туған арманын жүзеге асыру үшін сол М.В. Фрузнзе атындағы Санкт-Петербург әскери–теңіз институтын 2007-2012 жылдар аралығында «Штурман» мамандығы бойынша бітіреді.
-Штурман–кеменің жүзу қауіпсіздігі мен қатар, командирге бағыт беруші, табиғаттың тосын мінездеріне қарамастан кеме бағытын бағдарлаушы болып табылады,- дейді Берік өз мамандығымен таныстыра отырып. Негізінде алғаш еңбек жолын штабтан бастаған Берік алға қойған мақсатын көздеп, теңізге сұранып, 1 жылдан кейін «Атырау» кораблімен 2013 жылы алғаш көк теңізге шығады.
-Теңізге шыққан кезде кемені жүргізуден, кемедегі қауіпсіздік шараларынан, картамен жұмыстан бөлек қағаз жұмыстарымен өзіндік есептіліктері де бар. Бұл да үлкен жауапкершіліті талап етеді,-дейді ол. Сонымен қатар, корабльды жиі ауыстырып тұратын кездер де болады екен. Кейбір командирлер құрлықтағы жайдақтық емес, теңіздегі қатаң ережелерге сүйенетін, тәртіпке бағынатын талаптарды тез меңгеріп, үйренуі үшін теңізге құмартқан командир көмекшілеріне алғаш келгенде білгенінің бәрін жайып салмай, ізденіп үйренуі үшін ашыла бермейтінге ұқсайды.
Ауа-райы бойынша ақпарат үнемі ақиқат бола бермейді. Табиғат тосын мінез таныта қою қашанда ықтимал. Желі жоқ жайдақ күннің көзді ашып жұмғанша дауылға ұласуы теңізде кездессе өзіңіз де ойлай беріңіз. Оған мықты психологиялық дайындық пен физикалық күш-қайрат, дұрыс ойлану мен шатаспас шешім теңіз шекарашысы үшін ең басты қажет қасиеттер. Дәл осы қасиеттердің теңіз шекарашысы боламын деген азамттың бойында болуы шарт екенін Берік өз тәжірибесін алға трата отыра, биылғы «Көктем-2016», «Күз-2015» барлығы шамамен жүздің үстіндегі шақырылым сарбаздарына мықты матрос болуды меңгертуге көмектесуде.
Берік биылғы қаңтар мен маусым аралығында жарты жыл ішінде теңізге 93 рет шыққан. Бір шыққанда теңізде 10-12 тәулікке дейін ұзайтын іссапарлар кезедесетін кездер көп болады. Қиын да әрі үнемі өз шаңырағынан жырақта жүргізетін мамандық Беріктің отбасы құруына да кедергі болмапты. Бүгінде бір жастан кеткен, желкілдеп өсіп келе жатырған бүлдіршіннің әкесі. Берік арманын алға тарта, теңіз толқындарын бағындырып, көк теңізде кеменің жүзуін ғана емес, шекара тыныштығы мен теңіз байлықтарын да күзетіп жүрген асқар азамат, абыройлы мамандық иесі.
Милана ЕЛЕУСІНОВА