Ақтауда "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары түсінбеушілікпен мекеме алдына жиналды. Себебі, шілде айынан бастап автомобиль жолдарын күтіп ұстау қызметін мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес "РЭП" ЖШС жеңімпаз болып танылған. Жұмысшылармен кездесуге Ақтау қаласының әкімі Ғ. Ниязов келіп, мәселенің шешімін тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жұмыссыз қалған "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары отбасылары мен алынған несиелері үшін алаңдаулы. Олар осындай жағдайдың болатынын басшылықтың алдын-ала ескертпегеніне наразы. РЭП компаниясының басшысы Абай Қожабаев "Қала жолдары" мекемесіндегі 200 астам қызметкер мен 70- ке жуық техника мен оны жүргізетін жүргізушілерімен бірге өз қарамағына алатын болды. Одан басқа, бұрын Қала жолдарына өзінің жеке меншік автобус, газель техникаларымен қызмет көрсеткен кәсіпкерлерді де жұмысқа алатын болды.
"Рэп" ЖШС компаниясына автокөлік жұмыстары үшін бөлінген сома 300 миллион теңгені құрағайды. Бұл қаражатқа кәсіпорын қалалық жолдар мен жол белгілерін тазалап, жөндейтін болады. Айта кетейік, Ақтау қалалық әкімдігінің мәліметінше, шілде айында қаладағы ағаштарды суару кестесі мынадай 1 ш/а – 02, 12, 22 шілде 2 ш/а - 02, 12, 22 шілде 3 ш/а – 02, 12, 22 шілде 3 а, 3 б ш/а – 02, 12, 22 шілде 4 ш/а – 02, 12, 22 шілде 5 ш/а – 03, 13, 23 шілде 6 ш/а – 11, 24, 31 шілде 7 ш/а – 03, 13, 23 шілде 8 ш/а – 11, 24, 31 шілде 9 ш/а – 03, 13, 23 шілде 11 ш/а – 04, 15, 25 шілде 12 ш/а – 04, 15, 25 шілде 13 ш/а – 04, 15, 25 шілде 14 ш/а – 05, 16, 26 шілде 15 ш/а – 05, 16, 26 шілде 19 ш/а – 09, 19, 30 шілде 19 «а» ш/а – 09, 19, 30 шілде 22 ш/а – 06, 17, 27 шілде 26 ш/а – 06, 17, 27 шілде 27 ш/а – 06, 17, 27 шілде 28 ш/а - 08, 18, 29 шілде 28 а ш/а – 08, 18, 29 шілде 29 ш/а – 08, 18, 29 шілде 30 ш/а – 09, 19, 30 шілде 31 а, б ш/а – 09, 19, 30 шілде 32 а, б ш/а – 09, 19, 30 шілде 33 ш/а – 10, 20, 31 шілде 34 ш/а – 10, 20, 31 шілде 35 ш/а – 10, 20, 31 шілде- Мен өзім сегіз жыл бойы "Қала Жолдарында" жұмыс істедім, сондықтан осы жұмысты жақсы білемін. Менде тәжірибе бар. Мен "Қала Жолдары" қызметкерлерінің барлығын қабылдауға дайынмын. Олардың жалақысы, еңбек демалысы, зейнетақы аударымдары сақталады, – деді "РЭП" ЖШС директоры Абай Қожабаев.
[embed]https://youtu.be/YFpM3jPdhNo[/embed] [embed]https://youtu.be/JkkOlzpeCnQ[/embed]
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
бейнежазба Ақтау қалалық әкімдігінің ресми парақшасынан алынды.
[embed]https://youtu.be/hA_3sSmWY-4[/embed]