©
Маңғыстау облыстық емханасында 12-13 сәуір күндері ҚР Президенті іс басқармасының медицина орталығының мамандары тұрғындарды тегін қабылдайды. Бүгіннен басталған консультациялық қабылдауға келіп жатқан науқастар көп.
Ақтау тұрғындары үшін төмендегі медицина орталығының дәрігерлері 2 күн бойы қызмет етеді:
оториноларинголог Т.Әженов, кардиохирург Т.Жакиев, ангиохирург Н.Елубаев, аритмолог Р.Камиев, уролог Е.Еңсебаев травматолог Б.Искаков.
Дәл қазір уролог КДП 1-қабатында қабылдап жатыр, хирург және ангиохирург дәл осы қабатта түстен кейін қабылдай бастайды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Скважина емшісі – геологАритмолог дәрігер Кардиология және арифмология бөлімінің 4-қабатында қабылдау жүргізіп жатыр. Травмотолог дәрігер травмотолия бөлімінің 2-қабатында 11:00-ден бастап науқастарды қабылдауда.
- Тегін консультациялық қызметке көп халық келіп жатыр . Дәрігерлер уақыттың тығыздығына байланысты ауыр науқастарды бірінші қарайды. Тым ауыр жағдайдағы науқастарды медициналық орталық дәрігерлері Астанаға алдырып, сол жақта емдеуі мүмкін. Мәселен, травмотолог сынығы бар адамдарға назарын аударады, өйткені бірнеше жыл бұрын соққы алған адамдардың емделу архивін қарап отыруға олардың мұршасы жоқ, - дейді Маңғыстау облыстық емханасы директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары Нәдірқожа Мұсаев.
Қаралушылар өзімен бірге медициналық карта және төл құжаттарын алып келуі тиіс.
Айгүл ДӘДЕН