Бүгін түнде, яғни 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні Маңғыстаудың бірқатар аймақтарында ауа райы күрт суытады. Дауылды ескерту бойынша Маңғыстау облыстық ТЖД БКДКБ ЖК азаматтық қорғау майоры М.Эсенов қала, аудан әкімдеріне ТЕЛЕФОНХАТ жіберген.
Хатта барлық тұрғындарға келе жатқан аяздан сақтанып, түн уақытында жаяу немесе көлікпен шықпау керектігі қатаң тапсырылады.
Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері мен мекеме басшылары хатта көрсетілгендей, төмендегідей сақтық шараларын ұйымдастыруды тапсырады:
«2018 ж. қаңтар айының 15 жұлдызы Маңғыстау облысы бойынша түнде кей жерлерде қатты аяз күтіледі – 22 градус. Халықтың, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараларды ұйымдастыру сұралады:
Ауа райына байланысты жол апаттары мен ауыр жағдайлар тіркелген жағдайда
103 жедел-жәрдем нөмеріне,
102 полиция қызметіне,
Сондай-ақ, 112, 42-68-68, 42-68-00 облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі Департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз!
Айгүл ДӘДЕН