©
Бүгін Маңғыстауда «Рухқа - ұран, ұлтқа - қорған» атты республикалық ақындар айтысының ақтық мәресі өтті. 6 жұп айтысқан дүбірлі бәйгеде ақындардың ешқайсысы да осал болған жоқ. Шалқарбай – Рүстем, Әсем – Абай, Алтынбек – Жансая, Мэлс – Шұғайып, Ершат – Аспанбек, Мұхтар – Қазырет айтыстары елдің жүрегінде жатталып қалды. Айтыс тізгінін алған Жүрсін Ерманның өзі: «Айтыстың кереметі тек Алматы мен Астанада өтпейді. Бүгінгідей қызу әрі келелі айтыс әлі басқа қалада болып көрген жоқ», - деп бағасын берді.
- Сөздің майданы болған соң, біреу жеңеді, біреу жеңіледі. Мен біздің ауылдың жастары қайралғанына қуандым. Маңғыстаудың балалары нағыз көк бөрілермен айқаса білді, - деді әділ қазы мүшесі, маңғыстаулық ақын Светқали Нұржан.
- Ардақты әлеумет! Бүгін талантты жастар аламан бәйгеден сүрінбей келіп жатқанына куә болып отырмыз. Атадан қалған жоғалмай қалған мұрасы – қазақтың қара өлеңі, сөзі. Елдің иесі болып, елдің сөзін айтатын жастар аман болсын! – деді әділ қазы, белгілі журналист Намазалы Омашев.
Сонымен, айтыс қорытындысы төмендегідей:
3-орын иегерлері (сыйақы құны – 400 000 теңге):
Шабыттандыру сыйлығын алған ақындар (сыйақы құны – 300 000):
2-орын иегерлері (Сыйақы құны – 1 000 000 теңге)
1-орын иегерлері (Сыйақы құны – 2 000 000 теңге)
Мұхтар Ниязов, Қызылорда
Бас жүлде иегерлері (Сыйақы құны – 3 000 000 теңге)
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="43602,43597,43598,43596,43595,43593,43594"]