2005 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (Қор) атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.
Жүйе жұмыс істеген жылдары елімізде оған қатысушылар саны шамамен 7 млн. адамға жетті, ал Маңғыстау облысы бойынша – 216 мың адам.
Әлеуметтік кодекстің қабылдануымен, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап әлеуметтік сақтандырумен қамту жаңа санатпен кеңейтілді - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды ертіп жүретін жеке көмекшілер, ал 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жүйе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларды қамтиды.
Жүйенің қаржылық ресурстары жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен жұмыскерлер үшін төлейтін әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарда өздері үшін әлеуметтік аударымдар төлейді.
Заңнамада қызметкердің табысының 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдардың белгіленген ай сайынғы мөлшерлемесі нақты шектеулермен - бір ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) кем емес және 7 ЕТЖ артық емес болып белгіленген. Яғни, 2024 жылы ЕТЖ 85 000 теңге болғанда әлеуметтік аударымдардың ай сайынғы ең төменгі мөлшері 2 975 теңгені құрайды, ал аударымдарды есептеу үшін ең жоғары рұқсат етілген кіріс – 595 000 теңге, Қорға 20 825 теңге төленуге жатады.
Әлеуметтік аударымдарды уақтылы және толық төлеу өте маңызды, өйткені әлеуметтік төлемнің мөлшері осыған тікелей байланысты.
2023 жылы Маңғыстау облысы бойынша 70 мыңға жуық адам Қордан жалпы сомасы 48,8 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алды.
Әлеуметтік төлем түрлеріне тоқталсақ, жүйе еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша екі ұзақ мерзімді төлемді көздейді, олар бюджеттен тағайындалатын осыған ұқсас мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша Қордан төленеді. 2023 жылы мұндай төлемдерді мүгедектігі бар 6,2 мың жұмыс істейтін азамат және асыраушысынан айырылған 3,7 мың отбасы алды. 2023 жылы көрсетілген төлемдердің тағайындалған мөлшерінің жылдық мәнде 23% - ға екі реттік өсуін ескере отырып, бұл мақсаттарға Қордан 4758,5 млн.теңгеден астам қаржы бағытталды.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еңбекке қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша ұзақ мерзімді төлемдердің мөлшері тағы да 7% - ға арттырылды.
Қолданыстағы ақпараттық жүйелер төлемдер мөлшерінің артуына байланысты автоматты режимде, яғни азаматтардың қандай да бір қосымша құжаттарды беруін қажет етпестен қайта есептеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Қордан келесі әлеуметтік төлем жұмысынан айырылу жағдайы бойынша жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады. Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап төлем мөлшерін есептеу үшін қолданылатын кірісті алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайтылды. 2023 жылы облыс бойынша бұл төлемді 85,8 млн. теңге сомаға 15,9 мың адам алды.
Жүктілікке және босануға, Қордан жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. 2023 жылы облыста осы біржолғы төлемді 26,6 млрд. теңге сомаға 18,1 мың болашақ ана алды.
Сонымен қатар, аталған кезеңде облыста 31,7 мың адам бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем алушы болды, оларға Қордан 17,3 млрд.теңге төленді. Бұл төлемнің ұзақтығы – балаға ақылы күтім кезеңі 2023 жылдың қаңтарынан бастап бір жылдан бір жарым жасқа дейінгі ұзартылды.
Осылайша, облыс бойынша төлемдердің 90%-ы ана мен баланы қолдау мақсатында жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге «Үйден шықпай-ақ» жүгіну үшін жағдай жасалуда. «Бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметтер іске асырылуда. Мысалы, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемді медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы, мүгедектігі анықталған кезде бірден, жұмысынан айырылу бойынша төлемді - мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде немесе enbek.kz. «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы алуға болады. Егер мансап орталығында тіркелген болса, онда өтініш беру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталы қолжетімді, бұл порталдың ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушы туралы қажетті мәліметтер болған жағдайда әлеуметтік төлемдердің кез келгеніне жүгінуге арналған алаң болып табылатынын айта кеткен жөн. Электрондық қызметтерді дамыту жөніндегі бастаманы екінші деңгейдегі банктер қолдайды, олардың кейбірінің мобильді қосымшаларында бала күтімі және жұмысынан айырылу бойынша төлемдерді тағайындауға жүгінуге болады.
Отбасының цифрлық картасын енгізумен проактивті нысанда төлемдерді тағайындау өзекті болып отыр, тек төлем алу құқығын іске асыруға өтініш берушінің келісімі жеткілікті, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы диалог ұялы телефон нөміріне жіберілетін смс-хабарламалар алмасу жолымен жүреді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің шамамен 60%-ы электрондық көздер арқылы өтініштер бойынша тағайындалды. Мұнда электрондық қызметтерді қарау мерзімі 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқарды.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін egov.kz электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн режимде, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелері (Халыққа қызмет көрсету орталықтары) немесе Қордың филиалдары арқылы түскен әлеуметтік аударымдар туралы ақпарат алу мүмкіндігі жүзеге асырылады.
Жүйе туралы толығырақ ақпарат әрқашан Қордың www.gfss.kz сайтында немесе (Instagram: gfss_; Facebook және Youtube: @gfsskaz) әлеуметтік желілердегі Қордың ресми аккаунттарында қол жетімді, сондай-ақ біздің Маңғыстау облысы бойынша филиалдың парақшалары Instagram: gfss.aktau; Fasebook: ГФСС Актау немесе 8/7292/ 46-85-22, 46-85-26 телефоны арқылы алуға болады.
Маңғыстау облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалының директоры У.Уркумбаев