Ақтауда Халықаралық шахмат күні FIDE 100 жылдығына арналған турнир өтті. Турнирге 74 шахматшы қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Түрлі жастағы шахмат әуесқойлары (ең кіші қатысушы 5 жаста, ең жасы үлкен қатысушы 77 жаста) «3 + 2» блицінде бақ сынасты. Швейцариялық жүйемен ойнатылған 9 турдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар медаль, грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар, қыздар арасында 10 және 14 жас аралығындағы үздіктер анықталды.
Турнирдің нәтижелері:
1. Амангелді Нұрас
2. Біржан Арманов
3. Амангелді Рамазан
Қыздар арасындағы үздік:
1. Талап Ақсындар
2. Тюлькина Александра
3. Мұхамбет Айлин
14 жасқа дейінгі үздіктер:
1. Толыбай Әмір
2. Рашидов Ильяс
3. Берік Арман
10 жылға дейінгі үздіктер:
1. Жасұланұлы Иманғали
2. Гушанов Мурад
3. Зинков Даниил