Қазақстанда 18 қаңтарда телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2023 жылдың 18 қаңтарында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлады ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі.
Ведомство хабарламасында бұл жұмыстар сапалы телерадио хабарларын тарату үшін қажет екені айтылып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.