ҚР Президенті Жарлығымен Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылсын», делінген құжатта.
Еске сала кетсек, бұған дейінгі Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған еді.