Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Түпқараған ауданы білім бөлімінің басшысы Айбаршын Өтесбаева мәлім етті.
Оның айтуынша, ауданда жаңа оқу жылында мектепке барлығы 9 300 оқушы барады. Өткен жылмен салыстырғанда 556 оқушыға артып отыр. Жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бастау үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Мектептерде санитарлық-эпидемилогиялық талаптарды сақтау мақсатында ішкі қаражаттан барлығы 11 миллион теңге бөлінді. Оған мектепке кварцтар, санитайзерлер мен маскалар сатып алынды. Барлық мектепке дезинфекциялық тоннельдер орнатылды. Сабақ кестелері санитарлық нормаларды сақтай отырып құрылады. Сондай-ақ, бір сыныптың оқушылары бір кабинетте оқитын болады. Педагогтар мен оқушыларда маскалық режим сақталады. Оқушылардың мектепке кірер алдында дене қызуы өлшенеді. Дәліздер мен асханаларда адамның көптеп шоғырлануын болдырмау үшін қоңырау кестелері әр түрлі уақытқа қойылатын болады. Барлық білім беру ұйымында «Ashyq» бағдарламасы енгізілді», - деді Айбаршын Өтесбаева.