Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты іс қаралды.
Сотта анықталғандай, А. алкогольді мас күйінде көлік құралын басқарып, жол ережесін бұзған.
Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған, делінген Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.