Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасында «Сәби» қайырымдылық қоры салған Шұғыл балалар хирургиясының жаңа ультра-заманауи бөлімі ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ашылу рәсіміне Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова, «Сәби» Қайырымдылық қорының президенті және құрылтайшысы Әсел Тасмағамбетова, қордың тең құрылтайшысы Кеңес Рақышев қатысты.
Ақтаудағы Шұғыл балалар хирургиясы бағдарламасы «Сәби» қорының аясындағы ең ірі жоба, оны іске асыруға 306 миллион теңге жұмсалған. Халықаралық деңгейде заманауи үлгідегі инновациялық құрылғылар мен аппараттармен жабдықталған бұл бөлімше мыңдаған балалардың өмірін сақтайтын орталыққа айналуға арналған.
Соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар, соның ішінде көп параметрлі пациенттің мониторы, электрокардиограф, ультрадыбыстық диагностикалық жүйе, ларингоскоп, желдеткіш және газбен қамтамасыз ететін және медициналық мекемедегі стерильді жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықтар сатып алынды. Жоғары технологиялық операциялық қондырғыны және жас пациенттерге арналған ыңғайлы бөлімдерді толықтай жабдықтаудан басқа, Қор емдеу жылдамдығын арттыру мақсатында ауруханада қосымша жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізді. Дәрігерлерге ноутбуктар, амбулаториялық тіркеу жүйесі, Smart TV және кеңсе жиһаздары сатып алынды.
«Біздің жобаның басты мақсаты – бүкіл қалаға және жақын елдімекендерге қызмет көрсететін бір ғана балалар ауруханасы бар аймақтардағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша жүйелі шаралар жасау. Жағдай қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен күрделене түседі, ал жедел медициналық көмектің жетілдірілген жүйесі, оның орталығында шұғыл хирургия пациенттердің өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деді «Сәби» қайырымдылық қорының президенті Әсел Тасмағамбетова.