Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын негізсіз өсіруін болдырмау мақсатында Ақтау қаласы әкімдігімен Дина, Анвар гипермаркеті, Аман, Дана, Нұр, Алтын фуд, Гуд Маркет, Лидер супермаркетімен меморандум 1 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тілеген Едігеев айтты.
«Тауық жұмыртақысын жеткізуші ЖК Шагирова және ЖК Туралиевамен жұмыртқа өнімінің негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында екі жақты меморандум жасақталды. Сондай-ақ қала тұрғындары үшін қолжетімді бағада 26 шағынаудан «Қасиет» медициналық орталығының алдында әр аптаның сенбі және мереке күндері жәрмеңке өткізіледі», - деді Тілеген Едігеев.
Мамандардың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек сауда бағасын белгілеу жөніндегі комиссияның 2 отырысы өткізілді. Алғашқы отырыста тауық жұмыртқасы 453 теңгеге бекітілсе, сұйық майға бағаны бекіту шешімі кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 160 жәрмеңке өткізілді. Облыстың барлық қала мен аудандарында жәрмеңкелер тұрақты түрде апта сайын ұйымдастырылып тұрады.