©
Бүгін әлеуметтік желілерде "газ тасымалдайтын көлік Ақтау қаласының маңындағы жолды жауып тастады" деген видео кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда жүк көлігінің жүргізушісі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұрылып жатқан кезде, алдымнан жеңіл көлік шығып, сыймай қалуыма байланысты, көлігім сөніп қалды. Алдымда тұрған жеңіл машинаға түсіндіріп, бұрылып жатқан кезім еді", деп түсіндірді ол өз әрекетін.
https://www.instagram.com/p/CPoKdPTBAwz/?utm_medium=copy_link