©
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «30 игі іс» акциясы аясында 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қуанышты күн» қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайырымдылық шараға мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары, облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен еріктілер қатысты.
«Бұл шара мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Шара аясында балалар массаж алды. Бұдан бөлек балалармен топтық ойындар жүріп жатқанда, ата-аналарына ерекше сый жасалды»,- деді Маңғыстау облысының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жайылханова Аманкүл.