2019 жылы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет қойды.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясын жүзеге асыруда және өтініш берулермен жұмыстың сапасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құықытық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетімен азаматтардың мемлекеттік органдарға өтініш білдіру тәртібін толық көлемде жеңілдетуге және өтініштерді қарауға бақылауды жақсартуға арналған «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылған.
Өтініштермен жұмыс жасау процесін цифрландыруға жол ашатын жаңа ақпараттық жүйе:
- Өтініштердің мемлекеттік органдардың уәкілеттілігі бойынша бөліну бағытын автоматты түрде анықтауға;
- Мемлекеттік органдар арасында сұрау санын оңтайландыру жолымен өтінішті қарау мерзімін қысқартуға;
- Өтінішті қараудың мерзімі мен кезеңін және барлық қаралу сатылары жөнінде өтініш берушіні ақпараттандыруға;
- Мемлекеттік органдарға түскен барлық өтініштердің бірегей жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Е-Өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс орнатуға және мемлекеттік органдар жұмысының сапасына баға беруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдардың берген жауаптары жүйелік талдауға ұшырайды, ол өз кезегінде органдар тарапынан көз жұму фактілерінің жолын кесуге әсер етеді және нақты салаларда өтініштерді қараудың бірегей тәжірибесін қалыптастырады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігімен бірге мемлекеттік органдарға түсетін ауыртпалықты төмендету, былық пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы базасында бірегей жағдайларды, бюрократияны болдырмау мақсатында «Нәтиже» орталығының жұмысы іске қосылуда, оның негізгі мақсаты өтініштерді тек қабылдау ғана емес, сонымен қатар жүйеде «білім дерек қорын» пайдалана отырып азаматтардың мәселелерін шешуді қайта өңдеу немесе тиісті мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерімен қашықтықтан қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен шешу болып табылады.
«Нәтиже» орталықтары барлық келіп түскен өтініштердің түсіндіру мазмұнындағы өтініштерді 50% дейін електен өткізеді. Осылайша азаматтардың мәселелерін өтініш барысында шешіп тастайды.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйеге қосылуы биыл шілде айына жоспарланып отыр.
В.ЛИ,
Комитеттің әскери басқармасының Ақтау, Ақтөбе, Орал гарнизондары және «Батыс» әскери аймағы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры