Ақтаудағы 7 шағынауданда орналасқан 5-үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Шақырту орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Бұл дерек Ақтау қаласының полиция басқармасында тіркелді» делінген МО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.