2021 жылдың 19 сәуірі №526 Қазақстан Республикасы Сауда және интиграция министрлігі аппарат басшысының бұйрығы негізінде Маңғыстау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы ретінде Мухаев Рауан Есенәліұлын тағайындады.
Рауан Есенәліұлы 1985 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары. 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқық мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2012 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасының бас сарапшысы , 2017 жылы Үкіметтің Қазақстан Республикасы Парламенттегі Өкілдігінің бас консультанты, 2019 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі аппараты бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы лауазымында болған.