Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Баршаңызды береке мен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулық пен түсіністіктің нышанына айналған жайма шуақ көктемнің - Амал мерекесімен құттықтаймын!
Бұл ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан өнегелі де ізгілікті мереке. Амал күні кең құшақтар айқара ашылып, төс тоғыстырып, алыс-жақын көрісіп, қуаныштарымен бөлісіп, бар өкпе наз кешіріледі.
Ұлттық құндылықтарды бағалауға, егемендікті қадірлеуге, халықтың тұтастығы мен бейбітшілігіне ұйытқы болатын Амал мейрамы құтты болсын! Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған мереке бірлігімізді бекемдей түссін.
Жыл сайын алыс- жақындағы, ой мен қырдағы ағайын Отпан таудың басында Амал мейрамын тойлауды дәстүрге айналдырған еді. Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қарашаңырақта тек ресми шара өтті.
Тәуелсіз еліміз мәңгілік асқақтап дами берсін. Елімізге ырыс пен ынтымақ, әр шаңыраққа береке мен бірлік тілеймін. Амалдан амалға аман-есен жете берейік!
Құрметпен Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай