«Құрық-Жетібай» автожолының жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Кеше облыс әкімі С.Трұмов Қарақия ауданына барған сапарында «Құрық-Жетібай» Республикалық автожолының қүрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Осы күнге дейін күн тәртібінен түспей келе жатқан мәселе шешімін тауып, Республикалық бюджеттен қаражат бөлінді. Құрық-Жетібай елді мекендерін жалғайтын 64 шақырым жолға мемлекеттік сатып алу заңы бойынша конкурсты жеңіп алған «АқжолҚұрылыс» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру мерзімі 2023 жылдың желтоқсан айы, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.