Бүгін Ақтаудағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктерде жүру тегін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына! Халықты ынтымаққа, ұйымшылдыққа, береке-бірлікке бастайтын Амал мерекесі - 14 наурыз күні қаладағы барлық бағыттағы қоғамдық көліктердегі (№ 2, 3, 4, 4м, 5, 7, 8 ) жолақысы барлық жолаушыларға ТЕГІН болатынын хабарлаймыз, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Құрметті қала тұрғындары! Қыстан амалдап, аман шыққан халық көктемге жетіп, қуана көріседі. Амал мерекесі құтты болсын!