Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қарақия ауданына іс-сапарымен барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен облыс әкімі "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалының құрылысымен танысты. Онда 5 бірдей терминал құрылысы жүріп жатыр. Ірі инвестициялық жобаның құны 154 млрд теңге. Ұзақ мерзімге жоспарланған жоба 2030 жылы аяқталып, 1 700 адамды тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Ал, алғашқы 3 терминал 2025 жылы іске қосылып, 300 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Астық терминалы 2022 жылы өз жұмысын бастайды. Онда алғашқы кезде жылына 800 мың тонна астық, кейін 1 млн 500 мың тонна бидай сақталады.
Бұл жоба Маңғыстау өңірі арқылы тасымалданатын жүк көлемінің артуына жол ашады.