Әлеуметтік желілерде Мұнайлы ауданында автокөліктерге газ құю станцияларында сұйытылған мұнай газы жоқ деген ақпарат тарап кетті. Осыған байланысты МО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы жауап берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Қазіргі таңда Ақтау қаласында 22-30 АГҚС жұмыс істеп тұр, оның төртеуі талонмен береді. Сұйытылған мұнай газының 1 литріне бағасы - 50-65 теңгені құрайды.
29 а шағынауданда орналасқан “Ақнұр” АГҚС және “ТанаГаз”-да 5-15 көлік кезекте, қалған жерлерде кезек 3-7 көлік арасы. Кеше газ келген АГҚС-лар барлығы ашық бақылауда, бүгін қаламызға 191тн (38 тн. электронды сауда алаңдары арқылы) әкелінеді деп күтіліп отыр.
Ал Мұнайлы ауданы бойынша қазіргі уақытта 15 АГҚС істеп тұр, сұйытылған мұнай газ бағасы 55-65 теңге арасын құрайды. Кеше Мұнайлы ауданына 65 тонна газ әкелінді, бүгінгі күні 23 тонна келеді. Қосымша тағы Мұнайлыға бүгін түнде 16.5 тонна әкелінеді, делінген басқарма таратқан ақпаратта.