Құрық Порты» ЖШС-нің бас директоры Серік Ахметов облыс әкіміне порттың өндірістік қызметі, астық терминалының құрылысы туралы баяндама жасап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2020 жылы Құрық портының аумағында астық терминалының құрылысы басталды. Жобаны «Кaspi grain way» жшс-і жүргізеді. Инвестор қаражаты есебінен құрылыс нысанына 6 млрд теңге жұмсалады. Жұмыстың алғашқы кезеңінде 40 адам уақытша жұмыспен қамтылады және нысан іске қосылғаннан кейін 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады», – деді Серік Ахметов.
Бұл жоба Құрық портында дәнді және майлы дақылдарды ауыстырып тиеу бойынша заманауи астық терминалын құруға мүмкіндік береді. Осылайша елдің транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға және отандық шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен септігін тигізбек. Жұмыс басталғанда қазақстандық және халықаралық астық компанияларының тәжірибесі ескеріліп, еуропалық өндірушілердің техникалық жабдықтары пайдаланылатын болады. Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған.