Жаңаөзен қалалық сотында Қ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, Қ. 08 ақпан 2021 жылы сағат 21:21 шамасында «Шаңырақ» шағынауданында орналасқан дүкенінің жанында полиция қызметкерлерімен ұсталған. Оған тінту жүргізу кезінде киімінің қалтасынан пакетке салынған есірткі заты табылған, жалпы салмағы 60,13 грамм «кептірілген марихуана», есірткі затын өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде заңсыз сақтаған, делінген Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот үкімімен Қ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 145 850 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.