Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сот отырысында анықталғандай, Б. 17 ақпан 2021 жылы сағат 17:10 шамасында өзінің басқаруындағы автокөлігін Форт-Шевченко қаласында басқарып келе жатып, жол жиегіндегі бақтың темір қоршауына соғып, көлікке және балабақшаға материалдық залал келтірген, делінген Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сот қаулысымен Б. ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 838 теңге айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.