Бүгін елімізде Алғыс айту күнін атап өтіліп жатыр. Осыған орай Бүгін Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қала жолдары" қызметкерлеріне алғыс білдірді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, "30 игі іс" қайырымдылық марафонына орайластырылды. Акцияға ЭМБ өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қатысты.
Жиын барысында Маңғыстау облысы ІСБ "Қоғамдық келісім" КММ қызметкерлері "Қала жолдары" қызметкерлеріне ыстық шай мен тәттілер сыйлады, сондай-ақ, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерге естелік сыйлықтар берілді.
"Барлық "Қала жолдары" қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз. Сіздерге амандық, молшылық және зор денсаулық тілейміз! Еңбектеріңіз үшін рахмет!", делінген облыстық Ассамблеяның таратқан ақпаратында.