Ауылға баратын жас дәрігерлерге көтермелеу жәрдемақысы артады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медицина ұйымдарын білікті кадрлық ресурстармен жинақтау үшін біз келесі іс-шараларды көздеп отырмыз. Медцина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен арттыру арқылы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі есе асып түсетін деңгейге жетізу жоспарланған», - деді Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.
Сонмен қатар ол ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған жаса мамандарға берілетін көтермелеу жәрдемақы мөлшері 70 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін арттырылатындығын атап өтті.
«Бұған қоса, біз 2030 жылға дейін медициналық кадрлармен қамтылуды болжау моделін енгізуді көздеп отырмыз», - деді министр.