Ақтауда екі адам химиялық заттан уланып, қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
6 адам шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
Құзырлы органдар анықтағандай, Ақтау қаласының тұрғыны «Квикфос» препаратымен (жәндіктерге қарсы препарат) көршілеріне ескертпестен өз пәтерін дезинфекциялайды. Пәтерін залалсыздандырып болған соң, үйін кілттеп басқа шағынауданға кеткен. Кейін көршілерінің денсаулығы нашарлай бастаған. Салдарынан көрші әйел мен қызы көз жұмды. Аталған іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Осы факт Ақтау қаласының полиция басқармасына ҚР ҚК 304 бабы 3-бөліміне сәйкес тіркелді.
Қазіргі таңда Ақтау қаласының полиция басқармасы пәтерін дезинфекциялаған тұрғынның жеке басын анықтады. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.