Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 ақпан кешімен салыстырғанда 0,33 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 417,48 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 11 ақпандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 417,84 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,76 теңге сатылса, ал сатып алу - 417,28 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 418,80 теңгеге сатылып жатыр, сатып алу - 417,76 теңге.