Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Е. Ізбергенов "Приморский" тұрғын-үй массивінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғын массивтегі автомобиль жолын 4-жолақты етіп кеңейту, құрылыс жұмыстарының аяқталу уақыты бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, тұрғындар елді мекенге қоғамдық көліктің қатынауы тоқтатылғандығы және жекеменшік таксилердің бағасының қымбаттауы салдарынан тұрғын массивтен қалаға қатынауы туралы өздерінің шағымдарын айтып, маршруттық автобустардың елді мекенге қатынау мәселесін шешуді сұрады. Осыған орай, 11 ақпаннан бастап 4 және 4М маршруттық автобустары белгіленген кестеге сәйкес, "Приморский" тұрғын-үй массивіне қатынайтын болады, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.